Бокстан ересектер арасында 2023 жылғы Әлем чемпионаты Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтеді.

Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінде AIBA президенті Умар Кремлевтің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Умар Кремлев бокстан 2023 жылғы ерлер арасындағы Әлем чемпионаты Ташкентте өтетінін ресми түрде мәлімдеді.

Әр екі жыл сайын ұйымдастырылатын турнирдің биылғы біріншілігін Сербия астанасы Белград қаласы қабылдайтын болады.

Ал осынау беделді жарыстың 2023 жылы Ташкентте өтуі Өзбекстан тарихындағы алғашқы турнир болмақ.

Еске салар болсақ, 3 сәуір күні Ташкенттегі «Humo Arena» мұз сарайында үлкен бокс кеші өтеді. Ондағы басты жекпе жек Рио-2016 Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, кәсіпқой бокстан WBA және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Муроджон Ахмадалиев жапондық Риосуке Ивасаға қарсы жекпе-жекте чемпиондық белбеуін қорғайды.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бокстан 2023 жылғы Әлем чемпионаты Ташкентте өтеді