Кодзо Тасима ФИФА президенттігіне үміткер ретінде тіркелуге өтініш берді
Жапония футбол қауымдастығының бұрынғы басшысы Кодзо Тасима ФИФА президенті сайлауына қатысу үшін ресми өтініш тапсырды.
68 жастағы маманның айтуынша, оның кандидатурасын бес ұлттық футбол федерациясы қолдаған.
Тасиманың кандидатурасын өзі 2016–2024 жылдары басқарған Жапония футбол қауымдастығы ресми түрде ұсынды. Қазір ол аталған ұйымның құрметті президенті қызметін атқарады. Сонымен қатар 2015 жылғы сәуірден бері ФИФА-ның атқарушы комитетінің құрамында.
Айта кетейік, 16 қарашада УЕФА Франция футбол федерациясының басшысы Филипп Диаллоны сайлауға кандидат ретінде ұсынғаны белгілі болған еді.
ФИФА-ның қазіргі президенті – швейцариялық Джанни Инфантино. Ол 2016 жылдан бері ұйымды басқарып келеді және келесі мерзімге де қайта сайлануға ниетті.