Республикалық арнайы комиссияның қаулысымен 2021 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Өзбекстанда ашық алаңдар мен жабық кешендерде іс-шаралар өткізуге рұқсат берілді.

«Арнайы комиссияның кезекті отырысында республикадағы карантиндік талаптарды жұмсарту арқылы тұрғындардың демалыс күндерін мазмұнды өткізуге және мәдени-рухани азық алуға қолайлы жағдайлар жасау мәселесі жан-жақты талқыланды.

Атап айтқанда, тиісті органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Республикалық арнайы комиссияның 2021 жылдың 20 қыркүйегіндегі шешімі бойынша республикада мәдени-сауық шаралары (театр, кино, концерт залдары), бұқаралық шаралар мен кездесулерді ашық алаңдар мен жабық кешендер де өткізуге рұқсат берілді» делінген хабарламада.

Мәдени, ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар мен кездесулерді ұйымлдастыруда келесі карантиндік шектеулер сақталады:

  • Мәдени ойын-сауық нысандарының (театр, кинотеатр, концерт залдары) жұмысшылары мен қызметшілері және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырушылар, қызмет көрсетушілер коронавирустық вакцинаның кемінде 2 дозасын (вакцинаның кез-келгені) қабылдағаны бойынша QR-кодты сертификаты болуы тиіс;

Ойын-сауық орталықтарына (театр, кинотеатр, концерт залдары) келушілер;

  • медициналық маскада болу;
  • антисептиктерді қолдану;
  • нысанға кіру кезінде дене температурасын өлшеу сияқты маңызды санитарлық-гигиеналық ережелерді қатаң сақтауы тиіс.

Бұл ретте атаулы нысан аумағына (театр, кино, концерт залдары) және көпшілік жиналатын іс-шараларға коронавирусқа қарсы вакцинация туралы QR-код сертификаты бар келушілерді ғана (денсаулығы бойынша қарсы көрсеткіштері бар азаматтарды қоспағанда) кіргізу ұсынылды. 

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда бұқаралық іс-шаралар өткізуге рұқсат берілді