Өзбекстанда кейінгі 10 жылда республика бойынша алты рет 6-8 баллды жер сілкінісі болып, экономикалық шығын 84 миллиард сумды құраған.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар, Құрылыс министрлігі, Ғылым академиясының сейсмология институты және басқа да жауапты ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Геологиялық орны бойынша Өзбекстан Жерорта теңізі-Азия сейсмикалық белдеуінде орналасқан. Сондықтан республикада және оның шекаралас аймақтарында жиі жер сілкінісі болып тұрады.

1900 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ел аумағында 60-тан астам күшті және жойқын (баллдығы 5-тен жоғары) жер сілкінісі болды.

Кейінгі 10 жыл ішінде республикада алты рет 6-8 баллды жер сілкінісі болып, соның салдарынан зардап шеккендер саны 16, жараланғандар саны 54, экономикалық шығын 84 миллиард сум құраған.

Олардың ең күштісі: Кон сілкінісі – 2011 (8 балл), Туябуғиз сілкінісі – 2013 (7 балл), Маржонбулоқ сілкінісі – 2013 (8 балл), Китаб және Бакмал сілкінісі – 2016-2017 (7 балл), Бойсун сілкінісі – 2022 ( 6 балл).

2023 жылдың 1 қаңтарынан бүгінге дейін Өзбекстанда және оның шекаралас аймақтарында Республикалық Сейсмопрогноздық бақылау орталығымен магнитудасы (М= 2,8-6,8) 250-ден астам жер сілкінісі тіркелген.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда 10 жылда алты рет 6-8 баллды жер сілкінісі болған