ӨзА Қазақ

23.06.2019 15:54 Басып шығару нұсқасы

Заңсыз мигранттар депортациясы екі аптаға шегерілді

Заңсыз мигранттар депортациясы екі аптаға шегерілді

АҚШ президенті Дональд Трамп 23 маусымнан Америка аумағындағы заңсыз жүрген мигранттарды елден шығару науқанын екі аптаға артқа шегерді. Оған АҚШ Конгресінің төменгі палатасы спикері Ненси Пелосидің қоңырауы себеп болған

Бұл туралы CNN осылай хабар таратқан.

Tрамп 22 маусымда Twitter-дегі парақшасында демократтардың өтініші бойынша заңсыз келген мигранттардың жаппай депортациялануын артқа шегеруі туралы хабарлаған. АҚШ Иммиграциялық және кедендік полициясы 23 маусымда АҚШ-тың 10 ірі қалаларында заңсыз жүрген мигранттарды депортациялауды бастауы керек болған. Ақ үй басшысы республикашылар мен демократтарға АҚШ – тың оңтүстік шекарасындағы мәселені шешу үшін екі апта уақыт берді.

CNN хабарлауынша, Трамп және Пелоси диалогы кезінде Пелоси болатын рейдтерді «бұл өте нашар көрініс, отбасыларға жасалып жатқан қатал әрекеттері» деп атаған. .

Сұхбаттан кейін Пелоси Трамптың Twitter-дегі рейдтерді кешіктіргені жайлы жазған хабарласамын құптаған. «Иммиграцияның барлық аспектілерін қамту үшін уақыт қажет. Отбасылардың аралары ажырамайтын болады », - дейді демократтар.

Еске сала кесек, Tрамп осы аптада жаппай депортацияның бастауын жариялаған болатын. Ол «өз сөзінде АҚШ аумағына заңсыз келген мигранттарды қалай келген болса солай қайтып кететінін” айтқан болатын. 

ӨзА
8 849