ӨзА Қазақ

11.07.2019 17:30 Басып шығару нұсқасы

Трамптың мансабын сынға алған елші отставкаға кетуге шешім қабылдады

Трамптың мансабын сынға алған елші отставкаға кетуге шешім қабылдады

Ұлыбританияның Вашингтондағы елшісі Ким Дэррок отставкаға кетуге өтініш берді. Бұл жайында, Associated Press ақпараттық агенттігі Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабар таратқан. 

7-ші шілде күні елші Ким Дэрроктың Лондонға жазған хаты туралы шетелдік басылымдар бетінде үлкен талқыға түсті. Онда ол, АҚШ президенті Дональд Трампты “сенімсіз, қабілетсіз” деп айтып, оның мансабы аянышты жағдайда аяқталады деген. Осы сөздерге байланысты Ақ үй басшысы 8-і күні оған жауап ретінде алдағы уақытта Дэррок пен жұмыс жасамайтындығын жеткізіп, “Британиямен байланыс орнатуда сенің көмегіңе мұқтаж емеспін” деген.

Осы мәлімдемеден кейін Британдық елші Ким Дэррок өз лауазымынан кетуге шешім қабылдап 10 шілде күні өтініш берген.

Мұндай жағдайға Ұлыбиртанияның премьер-министрі Тереза Мэй, елші Дэрроктың бұл әрекетіне өкініш білдірген, сонымен бірге оны ағылшын үкіметі үшін жасаған еңбегінің зор екенін айтып өткен. 

ӨзА
3 717