ӨзА Қазақ

25.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Беларусь Президенттері кездесті

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Беларусь Президенттері кездесті

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенко кеңейтілген құрамда келіссөз өткізуде,-деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Хабарда айтылуынша, Беларусь Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келгеніне байланысты, екі жақтық келіссөздер өткізген.

Онда Қазақстан Президенті, «Беларусь делегациясының Қазақстанға келгеніне қуаныштымыз. Біздерді достықтың, ынтымақтастықтың дәстүрлі қатынастары байланыстырып отыр. Біздің халықтар біріне-бірі өзара тартылып тұрады. Сондықтан Беларусь Президенті Александр Лукашенко бастап келген осы сапары мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың барлық мәселелерін талқылау үшін жақсы мүмкіндік. Сондықтан бүгін қол қойылатын келісімдер мен бірлескен мәлімдеме мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуде алға жасалған өте маңызды қадам болып саналады», - деп айтқан.

Қазақ елі басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, тараптар елдер арасындағы сауда көлемін арттыруға мүдделі екенін жеткізіп, екі ел гуманитарлық салада өзара байланыстарды нығайтуға ниетті екенінде білдірген.

6 795
ӨзА