ӨзА Қазақ

05.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Ирактағы наразылықтарға байланысты интернет тағыда сөндірілген

Ирактағы наразылықтарға байланысты интернет тағыда сөндірілген

Бағдад пен Ирактың басқада аудандарында жалғасып жатқан наразылықтардың күшейуіне байланысты интернет желісі сөндірілген. 

«ТАСС» ақпарат көзі хабарлауынша, Бағдад, Басра, Карбало және басқа қалаларда жасаушы миллиондаған адамдар бүкіләлемдік желіден тасада қалған. Интернет өшірілген аудандардың қамту аясы кеңейіп, 1 қазандағы демонстрациялардан бастап, елдің солтүстігіндегі күрдтерден басқа барлық жерде интернет желісі сөндірілген.

Иракта 1 қазанда басталған үкіметке қарсы наразылықтар күшейгені сонша, 2 қазанда Ирак аумағының 75 пайызы интернет желісі сөндіріліп, 11 қазанда қайта іске қосылған. Бұл наразылықтардың бірінші кезеңінде 157 адам қаза тауып, оның ішінде 149 бейбіт тұрғын және 8 қауіпсіздік қызметкері еді. 3500-ге жуық адам жарақат алған.

Біраз уақыттан кейін қайта басталған бұл наразылықтар полиция мен халық арасындағы қақтығыстарға себеп болуда. Наразылық білдірушілер Иракта саяси партиялардың, жергілікті үкімет кеңселері мен дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын өртеп, олардың бірнешеуіне от қойған. Осы жағдайлар нәтижесінде 250-ден астам адам қаза тапқан. Аль-Сумария арнасының хабарлауынша, интернеттің жабылуы Ирак үкіметіне 1 миллиард доллар шығын әкелген.

5 744
ӨзА