ӨзА Қазақ

29.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Еуроодақ «Brexit» мерзімін артқа шегерді

Еуроодақ «Brexit» мерзімін артқа шегерді

Осыған дейін Британияның ЕО-тан шығу мерзімі 1-ші қарашаға белгіленген еді. Егерде ағылшын парламенті қажетті құжжаттарды өз мерзімінде радификациялай алса ғана орындалатын болған.

Бірақта Ұлыбритания парламенті Борис Жонсонға Brexit мерзімін артқа шегеру бойынша өтініш беруін талап еткен. Өйткені дүйсенбі күні Қауымдар палатасы Борис Джонсонның мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсынысын қабылдамады. Есесіне Еуроодаққа мүше 27 ел  Ұлыбританияның ЕО-тан шығу мерзімін кешіктіру ұсынысын қолдап, 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты. Бұл жөнінде Еурокеңес төрағасы Дональд Туск мәлімдеген. 

«ЕО құрамындағы 27 ел Ұлыбританияның Brexit мерзімін 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзарту туралы өтінішін қабылдауға келісті. Қазрде бұл шешім жазбаша түрде қабылдануы күтілуде»-деп жазған Туск өз Twitter парақшасында.

5 185
ӨзА