ӨзА Қазақ

12.06.2019 10:49 Басып шығару нұсқасы

Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады

Бүгін 12 маусым күні Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтуде.


Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айының 9-ы күні өткен президент сайлауында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген болатын. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мәліметінше, Тоқаевқа халықтың 70, 96 пайызы дауыс берген.

Президенттік үшін өз кандидатын ұсынған басқа үміткерлер арасында тек оппозициялық саясаткер Әміржан Қосанов қана жоғары дауыс жинай алған. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше Қосанов 16,23 пайыз дауыс жинаған. Қалған кандидаттардың пайыздық көрсеткіші 10 пайызға жетпеген.

Сайлаудың ресми мәліметі жарияланбай жатып, Әміржан Қосанов бастаған президенттікке үміткер өзге де кандидаттар Қасым-Жомарт Кемелұлын құттықтады. Қазақстандағы бұл кезгі кезектен тыс өткен президенттік сайлауды Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары «сайлаудың кейбір орталарда келеңсіз жағдайлар туындап, құқық бұзушылық фактілері байқалғанын» айтқан. 

ӨзА
5 932