ӨзА Қазақ

02.11.2019 Басып шығару нұсқасы

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы рекордтық деңгейге жетті

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы рекордтық деңгейге жетті

АҚШ мемлекеттік Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше 31 қазан күнгі жағдайына байланысты АҚШ-тың мемлекеттік сыртқы қарызы 23 триллион доллардан асқан.

Бұл көрсеткіш 2019 жылдың ақпан айында 22 триллион доллар болатын. Ал жылдың төртінші ширегіне келіп АҚШ-тың бюджетінің тапшылығы 1 трлн-ды құраған.

Болжамдарға сәйкес АҚШ-тың соңғы 10 жылдағы сыртқы қарызы 12,2 трлн-ға жеткен. Міне осы қарыздың барлығын президент Дональд Трамп егерде тағыда сайланатын боласа, АҚШ келесі сегіз жылда барлық қарызынан құтылатыны жайлы сайлауалды бағдарламасында мәлімдеген еді.