ӨзА Қазақ

08.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Ер есімі – ел есінде

Ер есімі – ел есінде

Сәбиттің соңғы самғауы.

Тағдыр мақала авторын, подполковник Сәбит Романовпен офицердің лейтенанттық жас кезіңде-ақ кезіктірді. Сондықтан да, 2016 жыл күзде аспандағы қайғылы оқиға нәтижесінде офицер қаза болғаны туралы суыт хабар бірден жүрегімді сыз еткізді. Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің жарлығымен Қарулы Күштердің 25-жылдығы қарсаңында подполковник Сәбит Романов, марқұм «Жасорат» медалімен марапатталды.

Кейіпкердің қысқаша өмірбаяны. Романов Сәбит Азатұлы. 1973 жылдың 11 ақпанында Ташкент облысы Жоғары-Шыршық ауданы Жаңабазар елді мекенінде дүниеге келген. Жаңабазарда 34-орта мектепті бітірген, одан соң 1995 жылы Бішкектегі ұшқыштар дайындайтын курсты бітіріп, офицерлік қызметін Бухара облысы Каган қаласында бастаған. Кейінрек әуе шабуылына қарсы әскерлер және Әскери Әуе Күштерінде аспандағы болған оқиғаларды зерттеу бөлімі офицері, қыдыру-құтқару және парашют-десант қызметі бастығы лауазымында қызмет еткен. Бірінші дәрежелі әскери ұшқыш. 2016 жылдың 18 қазанында подполковник С. Романовтың басқаруындағы тікұшақ Ферғана облысы таулы аймағана құлады.

Жуырда ұлттық Қауыпсіздік кеңестің кеңейтірілген жиынында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Отан қорғауда өз борышын орындау кезінде жан беріп, еліміз азаттығы үшін, бүгінгі бейбіт өмірімізді қамтамасыз ету жолында қаза тапқан азаматтардың жарқын бейнесін сақтау баршамыз үшін парыз екенін атап өтті. Қарулы Күштеріміздің 26-жылдығы қарсаңында осындай жанұяларға үкімет өкілдері барып, олардан хабар алғаны игі істердің бастамасы. Әрине, мұндай жұмыстар өз жалғасын табады.

Сәбиттің анасы Насиба апайдың айтуынша, ұлы бала кезінен ұшқыш болуды армандаған. Оған түрткі болған әкесі Азат ағай, астанадағы Валерий Чкалов атындағы Ташкент авиация өндірістік бірлестігінде авиатехник болып жүмыс жасағаны. Осы арман Сәбитті Бішкек қаласына бастап барады.

Өзбекстандағы қызметін офицер С.Романов Бухара облысы Каган қаласындағы әскери вертолетшылар әскери бөлімінде бастады. Ол кездерде әскери бөлім командирі еліміздегі жалғыз болған теңіз авиациясының палубалық ұшқышы, шебер-ұшқыш, полковник Қадам Вафоев еді. Екінші дәрежелі «Шон-Шараф» ордені иегері, полковник Қадам Шарипович Вафоев тек қана Сәбитке емес, онымен бірге бүгінде қорғаныс министрі орынбасары,әуе шабуылына қарсы әскерлер және Әскери Әуе Күштері қолбасшысы, генерал-майор Ахмад Бурхановқа, Жызақ әскери авиация жоғары білім жұртының штабы бастығы болған полковник Мэлс Жаңабаевқа да шеберлік сабақтарын берген болатын.

Әскери журналистердің іс-сапары кезеңінде ұшқыштар тым төмен биіктікте ұшу бағдарламасын орындап жатқан еді, одан соң жергілікті полигонда басқарылмайтын авиация ракеталарынан ату бойынша жаттығуларында өздерін сынап жатты. Сол кездің өзінде жас офицер Романов жөнінде, командирлері жылы лебіз білдірді.

– Азат ағай, біз ұлыңызбен әскери қызметті бірге бастағанымыз баршаға аян, – деді генерал-майор А.Бурханов қаза болған қызметтесі жанұясынан хабар алуға барғанда. – Сәбит үздік офицер және сенімді дос болған, сонымен бірге еңселі ер және қамқор әке болды. Баршамыз үшін өте керек адам еді. Қайғымыз ортақ. Дегенмен өмір жалғасып барады. Егерде досымыздың жалғыз ұлы Арманбек Қаршы қаласындағы әскери авиация жоғары білім жұртында оқуды қаласа, әкесі басқан ізімен барып, әскери ұшқыш болам деген ниет білдірсе, мемлекет тарапынан көмек әрине көрсетіледі. Жалпы айтқанда, Сәбиттің жанұясына қолдан келгенше барлық комегімізді беруде аянбаймыз.

Азат ағай мен Насиба апай Романовтар екі перзент тәрбиелеп, өсірген. Екі ұлыда шенді азамат. Сәбит әскери авиацияда подполковник шенінде қызмет еткен болса, Рүстем бүгінде ішкі істер органдары зейнеткері. Отан тыныштығы үшін өз өмірін арнаған ұл өсірген ата-анаға алғысты қанша айтсақта, аз болады.

Қайтыс болған қызметтесі туралы әуе шабуылына қарсы әскерлер және Әскери Әуе Күштері басқармасы қаруландыру бөлімі офицері подполковник Фазлиддин Атамурадов былай лебіз білдірді: – Сәбит екеуміз коршілес болғандықтан біріміз бірімізге көп қарасатынбыз. Кейде мен көмек беремін, кейде ол. Қолынан көп нәрсе келетін қолы гүл, шебер жігіт. Аққөңіл, кірісімді. Техниканы бес саусақтай білетін. Кез-келген аппаратураны жөндеу керек болса, Сәбитті іздеуші едік. Сондықтан досымыз қайғылы қазаға ұшыраған соң, жұбайы Сайераға біздің басқармаға жұмысқа өтуін ұсындым. Қандай мұн-мұқтажы болса, қымсынбай маған немесе тікелей генералға айтуы мүмкін. Өйткені, өлеңде айтылғандай, қатардағы жауынгерден тартып, генералға дейін армия бір жанұя іспетті.

Бүгінде подполковник С.Романовтың зайыбы Сайера Халтұрсынова басқармада метрология бойынша жетекші маман. Әскери ұшқыштарға ауа райы жағдайын анықтап, самғаулары қауып-қатерсіз болуын қамтамасыз етуі үшін үлес қосып келе жатқаны қуанышты жағдай.

–Жұбайымның қарулас жауынгер жолдастарына алғысымды айтқым келеді, – дейді бізбен сұхбатта Сайера. – Қайғылы қазадан соң осылардың жанжақты көмегі болмаса, басымызға түскен қара күндерді қалай көтерген болар едім? Мысалы, Фазлиддин аға маған әуе шабуылына қарсы әскерлер және Әскери Әуе Күштері басқармасына жұмысқа орналасуыма көмек берді. Полковник Рүстем ағай Рүстемов жұбайымның ұстазы болып, қыдыру-құтқару және парашют-десант қызметі бастығы лауазымында алғашқы қадам бастағанда көптеген көмек берген жан. Қызметте қаза болған майор Михаил Завадскийдің зайыбы Наталья, басқа да төңіректегі тағдырлас әйелдермен қарым-қатынас жасаймын. Ортақ қайғы біздерді жақындастырып қойды.
Жаңабазар елді мекеніндеге 34-орта мектеппен байлынысып, офицердің класс жетекшісі болған Фатима Насырқызы Өсербаевадан оқушысы туралы пікірін сұрадым.

–Сәбит мектептегі жылдарында қатарластары арасынан білімге деген мықты ұмтылысы арқылы бөлектеніп тұратын еді, – деп, еске алады Фатима апай.– Спортпен жаттығуда жақсы көретін, сыныптастары арасында абыройы биік жігіт еді. Әрине, ата-анасы мен адал жарына жаратқанның өзі сабыр берсін, ал жалғыз ұлына әкесінің үлгісін алып, еліміз қорғаушылары арасында жолын жалғауын тілеймін.

Сәбит оқыған 34-мектепті қаһарман тағдырын баяндап беруші арнаулы бұрыш жасалуын аудандық халық білімі бөлімі мамандары мойнына алып жатыр. Бөлімнің өкілі Үміт Құрбанбаевтың айтуынша, ауданда жалпы қызмет борышын өтеуде қаза болған барша мектеп түлектеріне арналған сондай арнаулы бұрыштар жасалуы жоспарланған. Бұндай игі істерге кіріскен тиесілі мамандарға жаңа табыстар тілейміз.

Бүгінде бітіруші сыныпта оқып келе жатқан Арманбекке сауал бергенімізде, жасөспірім еш ойланбай әке жолынан баруын айтты. Сәбиттің соңғы самғауы үзілген жерінен ұлы жалғайтынын естіп, еліміздің қорғанысы жағдайына көңіліміз толды. Арманбекке арманына жетуін тілеп, аспандағы самғаулары әрқашан есен-аман қонумен аяқталып, әкесіңің рухы тілекші боларына сенеміз.

Абылай КАМАЛОВ.

71 162
ӨзА