ӨзА Қазақ

10.07.2019 10:37 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мен Туркия арасында тұрақты автобус бағыты ашылуы мүмкін

Өзбекстан мен Туркия арасында тұрақты автобус бағыты ашылуы мүмкін

Туркияның Анкара қаласында Халқаралық автокөлік тасымалы мәселесіне арналған өзбек-түрік біріккен комиссиясының жиыны өтті.
 
Бұл кездесу,Түркияның Транспорт және инфрақұрылым министрлігінде өтіп, онда Өзбекстан Республикасы Транспорт министрлігінің өкілдері мен Туркия тарапы мемлекеттер арасындағы халықаралық жүк тасымалы көлемінің ұлғаюын талқылады.

Сонымен қатар, тараптар бұл бағыттарда өзара рұқсат беру тәртібін жетілдіру, жүк тасымалы мен арадағы қарым-қатнаста статистикалық ақпараттарды өзара алмасу жүйесін құру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Өзбекстан Республикасы Транспорт министрлігінің хабарына сай, екі ел арасында тұрақты түрде автобус бағытын ашу мәселесіде талқыланған.

Еске сала кетсек, қазіргі уақытта Өзбекстаннан Орта Азия елдерінің барлығына тұрақты автобустар қатнауы жолға қойылған. Алдағы уақытта Туркия елінеде автобустар қатнауы жолға қойылса оңтүстіктегі туризм саласына өте тиімді болатыны сөзсіз.

Өзбекстан Республикасы Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі хабары.

ӨзА
4 299