ӨзА Қазақ

03.07.2019 17:48 Басып шығару нұсқасы

Самарқандта мәдени мұраларды сақтау жөнінде үлкен коференция өтеді

Самарқандта мәдени мұраларды сақтау жөнінде үлкен коференция өтеді

Осы күндері Әзербайжан елінің астанасы Баку қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік мұра комитетінің 43-сессиясында ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле, Бүкіләлемдік мұра орталығының директоры Мехтилд Рёсслер т.б.с.с кісілер қатарында Өзбекстан делегаттары да бас қосты.

Ондағы негізгі мәселе әлемдегі тарихи қалаларды сақтап қалу жөнінде болып, осы мәселеге байланысты Өзбекстанның тарихи қаласының бірі Самарқанның ішкі тарихи мұрасы Шахрисабзды ЮНЕСКО тізімінен өшіру емес, қайта оны қалпына келтіру үшін алдағы екі жылда бірігіп әрекет ету керек деген шешімге келді. 

Сессияның соңына қарай Өзбекстандағы мәдени мұраларды сақтау жөнінде пікір алмасып, Өзбекстан Президентінің бастамасымен 2019 жылдың тамыз айында материалдық және материалдық емес мәдени мұраларды сақтауға байланысты халқаралық конференция өтеді. 

Туризмді дамыту орталығынынң мәліметіне сай аталған конференцияға ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле қатысу ниетінде екенін айтып өткен.  

ӨзА
6 710