ӨзА Қазақ

27.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Бүгін дүниежүзілік туризм күні

Бүгін дүниежүзілік туризм күні

Бүгін 27-ші қыркүйек дүниежүзілік туризм күні. Бұл атаулы датаны өзін саяхатшыдай сезінер, жер жаханды кезіп шықпасада, тым болмағанда өзен жағасына немесе тау бөктеріне әлде орман алқаптарына барып аралауды қош көретін жандар үшін мереке ретінде тойлайды.

Дүниежүзілік туризм күні 1979 жылы испан қаласы Торремолинода Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас Ассамблеясында негіз салынып, ол жайында 1970 жылдың 27 қыркүйегінде Дүниежүзілік туристік ұйымының Жарғысы қабылданып , содан беріге дейін осы күн дүниежүзілік туризм күні ретінде жер бетінде мерекеленіп келеді.

Бұл мейрамды атап өтудегі негізгі мақсат – туризмді дамытып, түрлі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Туризмнің маңыздылығы мен оның әлеуметтік, мәдени,экономикалық мәнін халықаралық деңгейге жеткізу.

Дүниежүзілік туризм күнін әлемнің көптеген елдері 30 жылдан астам уақыт мерекелеп келеді. Бұл мейрамды жыл сайын Бүкіләлемдік туристік ұйымы жариялаған тақырып аясында тойлап, дәстүр бойынша бұл күні туризмге арналған жиындар және мерекелік шаралар мен фестивальдар өтеді.

Қазіргі таңда Орта Азия елдері арасында туризмде көшбасшылық етіп келе жатқан Өзбекстан жерінде, туризмге ерекше назар аударылып, оның өркендеуі мен дамуына айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатқанын осында саяхаттап келе жатқан туристердің саны жыл сайын артып келе жатканынан-ақ байқауға болады. Биылғы жылдың соңына дейін Өзбекстанға 6,5 миллион саяхатшылар келеді деп күтілуде. Қазірдің өзінде елге 2 миллионнан астам туристер келген. 


16 696
ӨзА