ӨзА Қазақ

25.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады

Өзбекстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады

ФИФА әлем құрама командаларының жаңа тізімін жариялады.

Вадим Абрамов басшылығындағы Өзбекстан футбол құрама командасы қыркүйектегі көрсеткішіне байланысты үш орынға жоғарылап 85-ші орынға тұрақтаған. Бұған ӘЧ-2022 іріктеу кезеңіндегі ойындарда Йемен мен Сингапур құрамаларын жеңгені әсер еткен.

Қазірде ФИФА рейтингі бойынша Өзбекстан футбол құрамасы Орта Азия аймағында 1287 ұпаймен бірінші болып тұр. Ал, әлем бойынша 1755 ұпаймен Белгия құрамасы бірінші болып келеді.

Келесі айдың 9-ы күні Өзбекстан өз үйінде көрші Қырғыстан құрамасымен достастық кездесуін өткізеді. 14-ші қарашада Қатарда өтетін ӘЧ-2022 іріктеу кезеңіндегі 4 кездесуін Саудия Арабыстанына қарсы ойнайтын болады. Өзбекстан құрамасы үш ойын нәтижесінде өз тобында 6 ұпаймен бірінші орында.

6 880
ӨзА