ӨзА Қазақ

23.10.2019 Басып шығару нұсқасы

УЕФА Чемпиондар Лигасының 3-тур ойындары

УЕФА Чемпиондар Лигасының 3-тур ойындары

Клубтар арасында өтетін жарыстар арасындағы ең беделдісі саналатын Чемпиондар Лигасының кеше үшінші кезеңінің бірінші күнгі ойындары өтті.

Европаның жасыл алаңдарында өткен тартысты ойындар ретін «D» тобындағы Украинаның Шахтер Донецк клубымен Хорватияның Динамо Загерб клубы бастап берді. Кездесу алаң иелерінің үстемдігі астында өткен болса да, қонақтар да қарап қалмай берілген мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ. Өйткені екі клубқа да ұпай саны ауадай қажет еді. Алғашқы таймда жоспарланғандай алаң иелері бірінші голды соқты. Бірақ көп өтпей қонақтар жартылай қорғаушысы испаниялық Дани Ольмо есепті теңестірді. Келесі тайм басында қонақтар гол соғып алға шыққаны, алаң иелерін біраз есеңгіретіп қойды. Сондай болсада арадан 15 минут өткен соң есеп теңесіп, ойын соңына басқа гол соғылмады. Осылайша командалар бір ұпайдан бөлісіп алды.

Чемпиондар Лигасы 3-турдың бірінші күнгі кездесулерінің нәтижесі:

А-тобы
Галатасарай  – Реал Мадрид  0:1
Брюгге  – ПСЖ  0:5

В-тобы
Олимпиакос  – Бавария  2:3
Тоттенхэм  – Црвена Звезда  5:0

C-тобы
Манчестер Сити  – Аталанта  5:1
Шахтер Д  – Динамо Загреб  2:2

D-тобы
Ювентус – Локомотив 2:1
Атлетико Мадрид  – Байер 1:0 

Бүгін 3-турдың екінші күнгі кездесулері өтеді. 

Е-тобы
Зальцбург - Наполи
Генк - Ливерпуль

F-тобы
Славия Прага - Барселона
Интер - Боруссия Д

G-тобы
Бенфика - Лион
РБ Лейпциг - Зенит

H-тобы
Аякс - Челси
Лилль - Валенсия


7 619
ӨзА