ӨзА Қазақ

09.07.2019 16:36 Басып шығару нұсқасы

Танымал коментатор Өзбекстан футбол ассоциацасының баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Танымал коментатор Өзбекстан футбол ассоциацасының баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Жақында ғана Өзбекстан футбол ассоциацасында жаңа лауазымды тағайындаулар болғаны белгілі. Олардан атап айтатыны әлемдік аренадағы атақты төреші Равшан Ерматовтың бұл ортаға келуі.

Ал бүгін Равшан Ерматов басшылығындағы штап өкілдерінің қатары тағы бір кісімен толықты. Ол өзбекстандық танымал футбол коментаторы Даврон Файзиев. 36 жасар журналист алдағы уақытта Өзбекстан футбол ассоциацасында баспасөз және медиа департаменті басшылық қызметін атқаратын болады. 

«Өзбекстан футболын өркендету жолында, ӨФА-ның әр бір департаментінде өз кәсібінің маманы жұмыс жасайтын болады. Сол себепті Өзбекстан футбол ассоциацасының БАҚ және жанкүйерлерімен өзара байланысты жаңа деңгейге көтеру мақсатында осы саланың жетекшісі Даврон Файзиевке сенім артамыз»- деді Өзбектан футбол ассоциацясы вице-президенті міндетін атқарушы Равшан Ерматов.

ӨзА
4 657