ӨзА Қазақ

21.05.2019 10:15 Басып шығару нұсқасы

Роналду «Ювентусқа» Моуриньоның келуін қалайды

Роналду «Ювентусқа» Моуриньоның келуін қалайды

Италияның Calciomercato басылымының хабарына сәйкес, Криштиану Роналду «Ювентустың» қазіргі бос тұрған бас бапкерлік орнына Жозе Моуриньо келуін қалайды. 

Туриндіктер Массимилиано Аллегриді өз лауазымынан босатқаннан кейін, клубқа жаңа бапкер әлі тағайындалмады. Осы кезге дейінгі уақытта туриндіктер жаңа бапкер жайында ешқандай ақпарат бермегендіктен, олар экс-бапкерді қайта шақыруды жоспарлап отырдеген сыбыс әнгіме де тарап та үлгерді. Ол 2011-2014 жылдар аралығында «Ювентусты» басқарған Антони Конте.

Бірақ португалдық шабуылшы Криштиану Роналду клубқа Моуриньоның бапкерлік жасауын қалап өз пікірін айтқан. 

Жозе Моуриньо А Серияда 2010-2013 аралығында «Интерді» басқарып, Италия чемпионы, Италия Супре кубогы және Европа Чемпиондар лигасы жеңімпазы болған.

ӨзА
10 039