ӨзА Қазақ

18.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Реал Мадрид - Барселона: маусымның алғашқы «эль-класикосы» қалдырылды

Реал Мадрид - Барселона: маусымның алғашқы «эль-класикосы» қалдырылды

Алдағы аптаға «Камп Ноуда» өтуі жоспарланған биылғы футбол маусымының алғашқы «эль-класикосы» артқа шегерілді. Себеп Каталониядағы халықтың наразылық шерулері себеп болған.

Ла Лига шешіміне байланысты, қос клуб кездесу мезімін 21 қазанға дейін белгілеуі керек. Әйтпеген күнде, «эль-класико» өтетін датаны чемпионатты ұйымдастыру комитеті белгілейтін болады.

Ал, кеше екі клуб өкілдері мачты 19 желтоқсанда өткізуді ұсынған, бірақ бұл ұсынысқа Ла Лига қарсы болып, кездесуді 7 желтоқсанға белгілеуді айтқан. Олай жасаған күнде «Барселона»-«Мальорка» мен «Реал»-«Эспаньол» арасында өтетін кездесулерді басқа күнге өткізуге тура келеді. Жетпегеніне «Барселона» клубының бапкері ойынның Мадридте өтуіне қарсы болған.

Қазіргі күнде Каталонияда жалпыхалықтық митингтер өтуде. Өйткені өткен аптада Испания соты 12 каталондық саясатшыны айыпты деп тауып, олардың 9-ын бүлік шығаруда айыптап 13 жылдан бас бостандығынан айырған. Осыдан кейін Каталонияда шерулер басталып кетті. Бұл соңғы екі жылда орын алған наразылықтардың төртінші. 

9 310
ӨзА