ӨзА Қазақ

30.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы Өзбекстанда Регби спортын дамыту жөніндегі жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Өзбекстанда Регби спортын дамыту жөніндегі жарлыққа қол қойды

Қазіргі күнде Өзбекстанда регби қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Азия аймағында Өзбекстан құрамасы күшті сегіздіктен орын алған. Сондықтанда осы қарқынды адымдауды жәнеде әлемдік аренада беделін арттыру мақсатында Президент Шавкат Мирзияев арнайы жарлыққа қол қойды.


Жарлыққа сай, 2019-2022 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасында регби спортын дамыту жөнінде іс-шаралар бағдарламасы бекітілді.

Онда, әрбір мамандандырылған олимпиадалық мектеп-интернатында регби бөлімдерін ашу, балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріне жұмысқа қабылданғанда регби бойынша жаттықтырушылар құрамына үміткерлерді Өзбекстан регби федерациясымен міндетті үйлестіру, регби бойынша спорт жарыстарын өткізуде төрт кезеңді жүйе енгізу қарастырылған.

Сондай-ақ, келесі жылғы 2020/2021 оқу жылынан бастап, Өзбекстан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті мен Өзбекстан Ұлттық университетінде регби бойынша мамандарды даярлауға арналған бөлімдер ашылады.

Сонымен қатар, Өзбекстанның регби федерациясы, оның аймақтық бөлімшелері, кәсіпқой регби клубтары белгілеген стандарттарына сай арнайы кәсіби спорттық құрал-жабдықтарды, регби спорты объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қажетті заттарды Өзбекстан аумағына 2023 жыл 1 қаңтарға дейін ешқандай салықтарсыз (қосылған құн салығы мен кедендік алымдарды қоспағанда) алып кіруіне рұқсат етіледі.


4 983
ӨзА