ӨзА Қазақ

05.07.2019 15:11 Басып шығару нұсқасы

Мексикалық семсерлесуші қыз Өзбекстан азаматтығын алды.

Мексикалық семсерлесуші қыз Өзбекстан азаматтығын алды.

Мексикалық семсерлесуші Паола Плиего Өзбекстан азаматтығын алды, енді ол халқаралық жарыстарға Өзбекстан атынан шығатын болады. 

24 жасар атлет мұндай шешімге келуіне Мексика Олимпиада комитетіндегі жемқорлықпен байланыстырған. Мехикода туған Паола Плиего 2013/2014 маусымында Халқаралық Семсерлесу Федерациясының (FIE) жастар тізімінде 150 ұпаймен бірінші орында аяқтаған.

Қазіргі кезде Паола Плиего Халқаралық Семсерлесу Федерациясының сайтында Өзбекстан азаматы ретінде көрсетілген. Паола 2019 жылғы Әлем біріншілігі кубогында Өзбекстан атынан жарысқа түседі.

NewsBeezer баспасының мәліметінше, 2016 жылда өткен жазғы Олимпиада баталар алдында Паола Плиегоның қанынан тыйым салынған препарат табылған. Ол мұның өтірік екенін айтқанмен де, оны ешкім тыңдамаған. Арадан бір ай өтіп ол қайта тексерілген кезде допинг нәтижесі жақсы болған. Бірақ Олимпиада ойындары аяқталған еді.

Осы қателіктен кейін Мексика Дене шынықтыру және спорт ұлттық комиссиясына қарасты лабораториясының лицензиясы алып қойылған. Сонда да, Паола Плиегоның Мексика семсерлесу федерациясынмен арадағы келіспеушілігі жалғаса берген. Жергілікті спортқа жауапты лауазымды тұлғалар спортшыға Орталық Америка мен Кариб аймағындағы жарыстарға жолдама бермеген.

Нәтижеде семсерлесуші қыз әлем чемпионаты мен Олимпиадада жеңімпаз болу үшін Өзбекстан туы астында күресуге шешім шығарған. Паола Плиегоның алғашқы Өзбекстан туы астында өтетін жарысы 15 шілдеде басталар Будапешттегі Әлем чемпионатында өтеді. 

Еске сала кетсек, 2008 жылдан беріге Халқаралық семсерлесу федерациясы (FIE) президенті, келіп шығуы әслі өзбекстандық болған миллиардер Әлішер Усмонов болады.

ӨзА
6 294