ӨзА Қазақ

31.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Англия кубогы: Ливерпуль ширек финалға шықты

Англия кубогы: Ливерпуль ширек финалға шықты

Англияда Лига кубогының 1/8 финалдық кездесулерінде Ливерпуль кубы өз алаңында Арсеналды қабылдады.

Өте тартысты өткен кездесудің алғашқы минуттарында Арсенал өз қақпасына гол соғып алды. Бірақ көр өтпей Ливерпуль қақпасынада гол соғылып есеп теңесті. Лондондықтар соғылған голдан шабыттанғаны сонша тағыда Ливерпуль қақпасына гол соқты. Таймның соңына қарай алаң иелері екінші голын соғып үзіліске жол алды. 

Екінші бөлімнің алғашқы минуттарынан бастап басымдық алаң қожайындарының иелігінде болса да, Арсенал ойыншылары тағыда гол соғып есепті 2:4 көрінісіне келтірді. Алайда неміс бапкерінің үзілістегі берген тапсырмаларын дұрыс қолдана алған Энфилдтық футболшылр таблодағы есепті 4:4 еткен болса да, Унаи Эмери шәкірттері тағыда гол соғып алға шықты. Екінші тайымға қосып берілген минуттың соңында бұрыштамадан көтерілген допты Белгиялық 24 жасар шабуылшысы Дивок Ориги гол соғып есепті теңестірді.

Осылайша қос команда арасында өткен ойынның негізгі уақытында жеңімпаз анықталмай, командалар пеналтилер сериясына жол тартты. Пеналтилер сериясында Арсенал клубының жартылай қорғаушысы Даниэль Себальос өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Сонымен Ливерпуль келесі ширек финалға жол алды.

Англияда Лига кубогының 1/8 финалдық кездесулеріндегі қалған ойындар нәтижесі:

Ливерпуль – Арсенал 5:5 Пенальти: 5:4
Челси – Манчестер Юнайтед 1:2
Астон Вилла – Вулверҳэмптон 2:1
Бертон Альбион - Лестер 1 – 3
Кроули Таун - Колчестер Юнайтед 1 – 3
Манчестер Сити - Саутгемптон 3 – 1
Оксфорд Юнайтед - Сандерленд 2 – 1
Эвертон - Уотфорд 2 – 0


4 630
ӨзА