ӨзА Қазақ

16.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Жапония жаңа императорының таққа отыру рәсіміне Өзбекстан атынан Сенат төрайымы Танзила Нарбоева қатысады

Жапония жаңа императорының таққа отыру рәсіміне Өзбекстан атынан Сенат төрайымы Танзила Нарбоева қатысады

Бүгін 16-ші қазан күні Өзбекстан Жоғары Мәжілісінің Сенат спикері Танзила Нарбоева мен Жапонияның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Иошинори Фуджияма арасында кездесу өтті.

Сенат ақпаратының мәлімдеуінше, кездесуде Өзбекстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту және нығайту мәселелерін талқылап, осы парламенттік дипломатия өзбек-жапон қатынастарын дамытуда маңызды рөл атқаратындығы айтылған.

Сұхбат шағында Жапонияға ресми сапардың ұйымдастыру жобалары жайында сөз өрбіп, жоспарды алдағы уақытта жүзеге асыру бұл Өзбекстан мен Жапония қатнастарының жаңа кезеңіне қадам басуы мен айқындалған.

Кездесу соңына таман, жапон елшісі Иошинори Фуджияма. Сенат спикерін осы жыл 22-23 қазан күндері Токиода Жапонияның жаңа императоры Нарухитоның таққа отыру салтанатты рәсіміне шақырған. 

5 784
ӨзА