ӨзА Қазақ

15.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Жалақы, зейнетақы, шәкіртақы мен жәрдемақының өсуі жайында

Жалақы, зейнетақы, шәкіртақы мен жәрдемақының өсуі жайында

Жуырда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев, халықтың табысы мен өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында, олар арасында әлеуметтік әлсіз топтардың жағдайын жақсарту, соның ішінде мүгедектерге жәнеде әлеуметтік қолдау үшін қолайлы жағдай жасау және республика азаматтарының жағдайын жақсарту мақсатында жарлыққа қол қойды.  Оған байланысты:

1. 2019 жылдың 1-ші тамызынан бастап бюджеттік мекемелер мен ұйым қызметкерлерінің жалақысы, зейнетақысы, шәкіртақы мен жәрдемақылар 1,1 есеге арттырылсын.

2. 2019 жылдың 1-ші тамызынан бастап Өзбекстан Республикасының аймағында ең төменгі жалақы – айына 223 000 сум;

Жасқа байланысты зейнетақылар – айына 436 150 сум;
Бала кезден мүгедектігі болған азаматтарға берілетін жәрдемақы – айына 436 150 сум;

талап етілетін жұмыс өтілі жоқ егде жастағы және еңбекке жарамсыз болған азаматтарға берілетін ай сайынғы жәрдемақы 267 650 сум етіп белгіенсін.

3. 2019 жылдың 1-ші тамызынан бастап:

II топ мүгедектігі болған азаматтардың жәрдемақысы ең төменгі мөлшері жасқа байланысты төменгі зейнетақының 50 пайыздан 75 пайызға асырылады:

II топ мүгедектігі болған жалғыз азаматтар – зейнеткерлердің зейнетақысына қосылатын мөлшері ең төменгі жалақының 50 пайыздан 75 пайызға асырылады:

асыраушысынан айырылғандық жәрдемақы мөлшері еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері санына негізделе амалдағы пайыздық мөлшері сақтала тұрып, жасына байланысты зейнетақының ең төменгі аз мөлшеріне негізделе отырып белгіленеді.

Жарлықтың толық нұсқасымен мына сілтемеден таныса аласыздар. 


9 686
ӨзА