ӨзА Қазақ

19.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Жаңа түрдегі газ есептеуші құрылғыларды орнатуда не жасау керек?

Жаңа түрдегі газ есептеуші құрылғыларды орнатуда не жасау керек?

Өзбекстан Президентінің 2018 жылдың 23 қазанындағы «Электр энергиясы тармағын нығайту мен қол жетімділігін қамтамасыз ету» жайлы жарлығы қабылданған болатын.

Онда, қоғамдағы тіртіпсіздіктер мен мемлекеттік бақылаудың тым көптігі жайлы сын айтылған болып, электр энергиясы мен күнделікті тұтыну ресурстарында үнемдеуші техникалардан пайдаланбай жатқандығы түсіндіріледі.

Сонымен қатар, республика аймағында тұтынушыларды үнемдеуші есептегіштермен қамтамасыз етуші кәсіпорындар тарапынан ол құрылғылар тегін орнатылып беруі көрсетілген.

Бірақ кейбір аймақтағы халықтың сауатсыздығынан пайдаланушы алаяқтардың да жоқ емес екендігі ескеріліп, халықты сақтандыру мақсатында Өзбекстан Республикасы Міндетті атқару қызметі ескертеді: егер үйіңізге жаңа үлгідегі газ есептегіштерін орнату жайында ұсыныс тасталған кезде оны қандай шарттармен орнатуының мән жайын біліп алған соң рұқсат етіңіз. Егер ақша талап етсе міндетті түрде жергілікті Міндетті атқару қызметіне шағымдануыңызға болады.


Құрметті азаматтар! Жаңа үлгідегі газ есептегіштер мүлдем тегін орнатылады. Өз құқығыңызды талап етіңіздер. 

7 762
ӨзА