ӨзА Қазақ

15.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда жолақысы, азық-түлік пен отын-энергетика ресурстарының бағасы артты

Өзбекстанда жолақысы, азық-түлік пен отын-энергетика ресурстарының бағасы артты

Бүгін 15-ші тамыздан бастап Өзбекстан аумағында электр энергиясы, табиғи газ бен жанармайдың бағасы көтерілді.

Әділет министрлігінің хабарына сай, халыққа таратыған табиғи газдың бір текше метрі 380 сум немесе 0,04 доллар етіп белгіленген (осыған дейін 320 сум болған +18,7%).

Тұрмыстық тұтынушылар үшін электр энергиясының 1 кВт/сағ бағасы 295 сум (осыған дейін 250 сум болған +18%).

Жанармайдың жаңарған бағасы 

-Аи-80 жанармайының 1 литрі 4500 сум (4000 сум болған)

-Дизель отынының 1 литрі 5400 сум (4800 сум болған)

-ЭКО дизель жанармайының 1 литрі 5700 сум (4900 сум болған)

-Аи-91 маркалы автокөлік жанармайы алдағы уақытта биржалық саудалар арқылы сатылатын болады.

Сондай-ақ, Ташкенттегі қоғамдық көліктердегі жолақысы 1400 сум болып белгіленген (осыған дейін 1200 сум болған +16,7%).

Еске сала кетсек, Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлығымен 2019 жылдың 1-ші тамызынан бастап жалақы, зейнетақы, шәкіртақы мен жәрдемақы 1,1 есеге артқан болатын


9 721
ӨзА