ӨзА Қазақ

29.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандағы мектеп оқушылары маусымдық демалыстарда қанша күн демалады?

Өзбекстандағы мектеп оқушылары маусымдық демалыстарда қанша күн демалады?

Әділет министрлігінің 2019-2020 жылдарға арналған Өзбекстандағы мектеп оқушыларына берілетін демалыстар кестесінің басталуы мен ұзақтығын жариялады.

Онда, оқу жылының алғашқы күзгі демалыс мерзімі 4-ші қарашадан 10-шы қарашаға дейін жалғасады. Қысқы демалыс кезеңінде оқушылар 28-ші желтоқсан күніне бастап, 14 күндік мерзімде еркін демалыста болады.

Ал, көктемгі демалыс маусымы 21 наурыз мерекесінен бастау алып 7 күн мерзімде жалғасады. Жазғы демалыс кезеңі – бақылау емтихандары аяқталуымен (емтихан тапсырмайтын сынып оқушылары оқу жылы аяқталған күннен бастап) күздің алғашқы айы 1-ші қыркүйекке дейін демалатын болады. Егерде демалыстың соңғы күні мереке (демалыс күніне) тұспа-тұс келген жағдайда, сабақтар келесі жұмыс аптасынан басталатын болады.

Бірінші сыныптар үшін ақпан айында 1 апталық қосымша демалыс күндері берілетін болады. 

5 010
ӨзА