ӨзА Қазақ

26.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу

Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу

Өткен аптада Өзбекстан аумағында орын алған негізгі жаңалықтарға қысқаша шолу жасайтын болсақ, алдымен Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтің аймақтарда жүзеге асып жатқан реформалардың барысымен танысу мақсатында Қарақалпақстан Республикасына сапарлай барып, онда МойнақКанлыкөл, Қараөзек, Тақияташ және Нүкіс қалаларында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен толықтай танысып, келесі бағыттар бойынша тапсырмалар берді

yangi_energiya_uvvatlari_sanoat_rivozhiga_tayanch_b_ladi.jpg

Өзбекстан Республикасы Орталық банкі елдің ішкі валюта нарығындағы қазіргі жағдай мен айырбастау динамикасын оңтайландыру мақсатында ұлттық ақшаны шетелдік валютаға айырбастау бағамын еркін айналымға жіберді. Тамыздың 20-сынан бастап елдегі екінші дәрежелі банктерде де шетелдік валютаны сата бастады. Доллар бағамы тағыда жоғарылады.

26757302.jpg

«Uzbektelekom» АҚ қарасты «Uzmobile» ұялы байланыс операторы Өзбекстанда алғаш болып 5G стандартындағы байланыс жүйесін жүзеге асырмақ.

2db3a9bb-67ed-70f4-195e-7551d12dc851.jpg

Аптаның ең басты мәдени шарасы Әлішер Науаиы атындағы Өзбекстан мемлекеттік академиялық театрында «Ұлы дала мұрасы» атты концерттік бағдарламасымен Ташкенттік өнерсүйер қауым көңілінен орын алған «Астана Балет», театыр ұжымының алғашқы Өзбекстанға жасаған гастрольдік қойылымдары өтті.

photo_289041.jpg

Тәуелсіздіктің 28 жылдығына арнап Өзбекстан Республикасының Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі мен Өзбекстан Футбол қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырып отырған БАҚ өкілдері мен журналистер және блогерлер арасында шағын футболдан «MEDIA.UZ» жарыс апталығы басталып. Қазіргі уақытта топтық кезеңдер мен 1/8 кездесулеріде аяқталып, қалған командалар келесі ¼ финалдық кездесулерге жол алды. 

uza-vatanparvar (2).jpg


7 015
ӨзА