ӨзА Қазақ

16.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу

Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу

Алдыңғы аптадағы Өзбекстан аумағында орын алған маңызды оқиғалардың қысқаша мазмұны.

Өткен аптаның басында Ташкентте Президент мектебі ашылып, оған Мемлекет басшысының өзі арнайы келіп оқушылар мен оларға жасалған жағдайды көріп жаңадан ашылған мектептің жағдайымен танысты

31a035ae_fc01_0931_31cc_78ee882b54e9.jpg

Өзбекстанда мақта терімінің төлем тарифтері белгіленіп, оған байланысты бірінші және екінші мақта терімі үшін бағасы жарияланды. Сонымен қатар, биылғы мақта маусымы кезінде банктер тарапынан тоқыма компаниялары мен кластерлерге жеңілдіктер де қарастылыған. 

pakhta_mavsumida_200_nafar_profilaktika_inspektori_mazhburiy.jpg

Өзекті оқиғаның бірі ретінде қоғамда резонанс тудырған жаңалықтың бірі, Өзбекстанда енді ЖОО студенттері оқу барысында үлгеріміне қарамай бірдей мөлшерде степендиялар алатын болып белгіленді. Бұл шешім әліде қайта қаралуы мүмкіндігі жайлы пікірлер айтылуда депуттартар тарапынан. 

09638d2850420188b0cc45b7d1c4fca3.jpg

Өткен апта барысында мәдени шараның басты назары Өзбекстан Қиыр шығысында орын тепкен Ферғана облысынағы Қоқан қаласына ауды. Өйткені мұнда Халықаралық қолөнершілер фестивалі өтіп, онда әлемнің 78 елінен 200 жуық шеберлер қатысып өз туындыларын көрерменге паш етті. Осы фестивал аясында Қоқан қаласына «Әлемдік қолөнершілер қаласы» -деген ұлы атауы берілді.

4c16e34ac8e2e542ee52bd3f58f05a6c.jpg

Қазіргі таңда бүкіләлемде электр энергиясына деген тапшылық күн өткен сайын артып, оның шешімін табу мақсатында ғалымдар ең тиімді және экологияға залалсыз түрі Күн эелектр станциялары салынып жатыр. Бұл типтегі станцияда Өзбексан аумағында 2020 жылдан бастап салынатын болды. Қуаты 100 МВт болған күн электр станциясына Француздар 150 миллион еуро инвестиция сала отырып станция құру мақсатында келісім-шарт жасады. 

st-5-1.jpg

Қазақстан мен Өзбекстан арасында автобус бағыттарының саны артып, ендігі кезде Ташкенттің ішкі Шыршық, Ангрен қалаларынан көрші Қазақстанның Алматы мен Шымкен қалаларына автобустар қатнауы жолға қойылды.

hMXVMH15525701334323_b.jpg


6 303
ӨзА