ӨзА Қазақ

05.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу

Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу

Өткен апта барысындағы Өзбекстан аумағындағы негізгі хабарлар легін жоғары оқу орындарына бакалавр бағыты бойынша тест сынақтарын тапсыру процесі бастап берді. Мемлекеттік тест орталығының мәліметіне сәйкес биыл Өзбекстан аумағындағы 60 ЖОО-на және оларлдың 30-ға жуық филиалдарына оқуға түсу үшін 1 миллион 66 мың 925 талапкер құжжат тапсырған. Олардың 718 мың 97-сі күндізгі бөлімге, 13 мың 821 кешкі бөлімге, ал 335 мыңнан астамы сыртқы бөлімге құжжат тапсырған. Оқуға тапсырғандар қатарында ең жасы үлкен талапкер 80 жастағы Сұрхандариялық ақсақал. 

onlayn_andizhonda_test_sinovlari_boshlandi.jpg

Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитеті 2020 жыл Жапонияның Токио қаласында өтетін XXXII жазғы Олимпиадалық ойындарына ресми шақырту алды. Шақырту хатында ХОК президенті Томас Бахтың қолы қойылған. Қазірге шейін өзбекстандық спортшыларда 3 жолдама бар. Олар теннис бойынша Денис Истомин мен велоспортшы Ольга Забелинская Токио-2020 жазғы Олимпиадасына, ал Сервер Ибрагимов оқ ату спортында Пралимпиада оындарына жолдамаға ие. 

Без названия.jpg

Өзбекстанда 1 тамыздан бастап жалақы, зейнетақы, шәкіртақы асуы жайлы Президент жарлығы шыққан болатын. Ал 15 тамыздан бастап отын-энергетика ресурстарының бағасы қымбаттайтын болды. Сонымен қатар электр энергиясы және табиғи газ үшін белгіленген тарифтер мен бағалар да жоғарылайды. 

crop.jpg

Аптаның айшықты оқиғасы, Өзбекстан Президенті Беларусьияға ресми сапармен бағаны болды. Онда екі ел президенттері шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіп, екі ел арасындағы қарым-қатнастарын тағыда жақсарту мақсатында уадаластықтар орнатылды. Минск қаласында Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтің сапарына байланысты Өзбекстан өнімдері көрмесі мен түрлі іс-шаралар мен мәдени байланыстық кездесулер өтті. Сондай-ақ Минск қаласында Әлішер Науаиының бюст ескерткіші ашылды. 

cb980f1e_88a8_57a3_1f92_eba9adbf564e.jpg

Қару туралы заң. Ендігіде өзбекстандықтар да заңды түрде қару сатып алатын болады. Бірақ заң аясында кейбір азаматтарға шектеу бар, ал қанша жастан бастап қару сатып алатыны жайлы және қарудың қандай түрлері сатылымда болатынын мына жерден толықтай оқыңыз. 

oryj-pic905-895x505-95794.jpg

Апта соңына қарай, Қасиетті құрбан айт мұсылман мерекесін атап өту жайлы Өзбекстан Президентінің қаулысы жарық көрді. 

file_5b1e302da03b77.719595471528705069.jpg


7 502
ӨзА