ӨзА Қазақ

22.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу

Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу

Өткен апта барысындағы негізгі хабарлар легін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтің, Өзбекстан халықының табысы мен өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында «Жалақы, зейнетақы, шәкіртақы мен жәрдемақының өсуі» жайындағы жарлығы жарияланды.

Өзбекстан Жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі аяқталып, құжжат тапсырған талапкерлер қатарында 50 жастан асқан азаматтар саны атқаны байқалған. Олар қатарында 72,78,80 жастағы ақсақалдар да, жоғары білім алу мақсатында құжжат тапсырған.

22.jpg

Аптаның негізгі жаңалықтарының бірі болып, Өзбекстан мен Қазақстан арасында халықаралық маңызға ие «Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы» автожолының ашылуы болды. Бұл жолдың ашылуы екі ел үшін де өте маңызды болып табылады. Өйткені «Ташкент-Самарқанд-Нүкіс-Бейнеу-Атырау-Астрахань» бағытындағы жол дәлізі, Орта Азия елдерін Европа елдерімен байланыстыратын негізгі автожол саналады. 

zbekiston_ozo_iston_rtasida_khal_aro_a_amiyatga_molik_y_l_och.jpg

Апта ортасына келіп, Мемлекет басшысы аймақтарда жүзеге асырылып жатқан құрылыс істері және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысымен танысу мақсатында Сырдария облысына қысқа мерзімді сапармен барды

2df25583_82c0_87ce_2533_85dec0410e92.jpg

Жахандану заманында мемлекеттің экономикалық өркендеуі жолында тиімді реформалар жасау маңызды болып саналады. Сол мақсатта Өзбекстан үкіметі елдегі дерлік барша электр станцияларын жеке инвесторларға сату жайлы шешім шығарды. Ендігі жағдайда мемлекет меншігінде тек бірнеше ГЭС-пен жаңадан салынып жатқан АЭС қана болады.

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев аптаның соңына қарай Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Сирил Мюллер басшылығындағы делегацияны қабылдап, Өзбекстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастығы жолындағы міселелерді талқылады. 

8bc4eec6_5045_c079_ad2d_0e5d20c8893e.jpg

Спорт: Ташкентте каратэнің WKF түрі бойынша үлкендер арасында Азия біріншілігі болып, онда Токио-2020 Олимпиадасына негізгі болған рейтингті ұпайлар санын анықтаушы кездесулер өтті. 


4 742
ӨзА