ӨзА Қазақ

06.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандағы атышулы Жаслық колониясы жабылады

Өзбекстандағы атышулы Жаслық колониясы жабылады

Өткен апта Өзбекстан Республикасы Президентінің №4414-санды жарлығына сай «Қарақалпақстап Республикасы Ішкі істер министрлігінің №19-санды мамандандырылған Жазасын орындау колониясын тоқтату туралы» жарлығымен Қарақалпақстап Республикасының Жаслық қорғанында орналасқан «Жаслық» колониясыны жабу белгіленді.

«Мұндай тарихи шешім бас бостандығынан айырылған азаматтарда заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға, адамдар мен қоғамға құрметпен қарауға бағытталған шаралардың тиімділігін арттыруға және 2017-2021 жылдардағы Өзбекстан Республикасын дамытудың бес басым бағыты бойынша Іс-қимыл стратегиясында белгіленген міндеттерге сәйкес келетін елдің халықаралық аренада өз беделін көтеру мақсатында қабылданды»,- деп айтылған хабарда.

Президенттің жарлығынан соң Ішкі істер министрлігінің лауазымды тұлғалары қатысқан БАҚ өкілдеріне арналған шара өтті. Онда «Жаслық» колониясының келесі жағдайы жайлы айтылып, келесі бір ай ішінде мұндағы жазасын өтеушілер өзі туып өскен мекендерге жақын жердегі түрмелерге жіберілетін болады. Қазірде колонияда 395 тұтқын бар және олардың 10 пайызы діни-экстремистік қылмыс жасағандар екені айтылды.

Қабырғасы 1999 жылда қаланған бұл түрменің жабылу себебі қоғамда колония жайлы теріс пікірлердің көптеп тарап кеткендігі себеп болған. Ал, көпшіліктің аузында бұл түрменің ішкі жағдайы жайлы «зұлым мекені» атымен мәшһур. Мұндағы өлкенің ауа-райыда соған сай дедесі. Өйткені қыста бетбақтырмас қақтаған аязы мен жаздағы алапат ыстықтығына төзу адамзат үшін оңай емес секілді.  

7 927
ӨзА