ӨзА Қазақ

16.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда той жиындары мен отбасылық шараларды өткізу бойынша арнайы заң қабылданды

Өзбекстанда той жиындары мен отбасылық шараларды өткізу бойынша арнайы заң қабылданды

Заманның азғаныма адамның тозғаныма немесе біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді демекші қазіргі таңда ақшаның артына қарамай, болмаса жетпеседе қарызға ақша алып той жасап, қарызға батып сосын ол ақшаны төлей алмай сарсаңға түскен қаншама ата-аналар, жастардың арманын жүзеге асырамын деп түбі бітпес қиыншылықтарға тап болуда. Қоғамдағы осындай келеңсіздіктер мен ысырапкершілікті жою мақсатында Өзбекстан Республикасы Жоғары Мәжілісі Сенаты той-жиындары мен басқа да шараларды өтізуіге байланысты арнайы заң қабылдады.

Онда, қабылданған заңға сәйкес отбасылық шараларды өткізуді реттеуде әлеуметтік, әділеттілік пен заңдылық, ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды ұстана отырып, басқа діндер мен ұлттардың дәстүрлерін құрметтеу және қоғамдық пікірлерді ескере, аталған заң аясында мына талаптар алға тартылған:

Жанұялық шаралар тек бір күн (қазақа байланысты жағдайдан сырт) сағат 06:00 ден 23:00 аралығында өткізілуі керек. Ондағы шараларда 200-ге жуық немесе атаулы шараларға байланысты ас беру рәсімінде 250 жуық қонақтар шақыруға рұқсат елітеді.

Ауылды мекендерде той-жиындарына 250 жуық қонақтар шақыртылса, тойға байланысты ас беру шарасына 300 дей қонақтың келуіне мүмкіндік берілген.

Қаза мен азалы күндер рәсімдеріне байланысты көңіл айтушылардың шектеусіз келуі мен үш күндік мерзімнен аспауыда низамда келтірілген.

Отбасылық іс-шараларды өткізу кезінде мына талаптарды орындау міндетті болып табылады:

-Той жиындарын өткізуші азаматтар бұл шараларды өткізуден кемінде бір апта алдын тұрғылықты жері бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органдарына хабарлау қажет;

-Неке қиюды мемлекеттік тіркеуден өткізу, қалыңдықтың үйлену тойына келуі және кетуіне байланысты отбасылық іс-шараларда үш көліктен артық немесе қоғамдық ортаға қауіп төндіретін транспорттардан пайдаланбау;

-Артықша сән-салтанат атақ абырой жию мен өтетін тойлар және ысырапкершілікке жол бермеу;

-Махалла мен ауылдарда әлеуметтік және рухани ортаның тұрақтылығына нұқсан келтірмеуге және қоғамның этикасын қатаң сақтауы;

-Отбасылық шараларда діни тақырыпқа байланысты дәрістер болатын болса, ондай кезде мұны діни басқарманың уәкілетті өкілі тарапынан оқылады.

Ұлттық дәстүрге жат, әдеп-ғұрыпқа сай келмейтін түрлі шоулар мен артықша уақыт пен қаржыны талап ететін жанұялық той-жиындарынан алдын болатын, түрлі шаралар кезінде және одан кейін өтетін қосымша рәсімдерді (айталық, құда шақыру, тағара апату, келін көру т.б.с.с) өткізуге жол берілмейді.

Қаза және аза тұту рәсіміне байланысты болған жағдайларда артық шараларды (жетілік, бейсенбілік, қырқы, айты, жылдық асы, киіп тарату сынды т.б) өткізуге болмайды.

Той жиындары мен отбасылық шараларды өткізу бойынша арнайы қабылданған бұл заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енетін болады. 


9 431
ӨзА