ӨзА Қазақ

17.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда Тергеу комитетін құру ұсынылды

Өзбекстанда Тергеу комитетін құру ұсынылды

Өзбекстанның «Адолат» социал-демократиялық партиясы саяси кеңесінің төрағасы Нариман Умаров барлық азаматтарды осы ұсыныстар үстінде белсенді түрде қатысуға шақырды.

Видеоселекторлы түрде өткен жиында белсенділер тарапынан елдегі сот тізімін жәнеде жетілдіру керек екендігі айтылып, Өзбекстанда Тергеу комитетін құру жайында ұсыныс айтылды.

Қазірде Өзбекстанда бірнеше құқықты қорғау органдары тергеу жұмысымен айналысады екен. Ал, тергеуге дейінгі тексерулердің өзі мына бірнеше орган құзырынан өтетін көрнеді. 

Олар: -Ішкі істер органдары
-Ұлттық гвардия органдары
-Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі органдары
-Өрт қауіпсіздігі органдары
-Шекара қорғау органдары
-Мемлекеттік кеден қызметі органдары
-Бас прократура құзырындағы экономикалық қылмыстар мен күрес департаменті және оның аймақтардағы бөлімдері
-Міндетті орындау бюросы және басқалар.

ТМД елдері арасында Тергеу комитеті Ресей Федерациясында бар. Ондағы Тергеу комитетінің қызметі, 

-Тергеу комитетіне қылмыс жайында ақпарат келіп түскені бойынша тергеуге дейінгі тексеріс өткізу
-қылмыс істері бойынша алғашқы тергеуді заңға сай жүзеге асыру
-қылмыстарды тергеу бойынша криминалды байланыс жасау
-сот-экспертизалық кезеңін жүргізу
-тергеу органдары жұмысын тәртіпке салу және оны бақылауды жүзеге асыру
-және елдегі заңда көрсетілген басқа ережелерге мойынсыну

6 715
ӨзА