ӨзА Қазақ

06.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда студенттер оқу ақысын стипендиялы немесе стипендиясыз төлеуі мүмкін

Өзбекстанда студенттер оқу ақысын стипендиялы немесе стипендиясыз төлеуі мүмкін

Өзбекстанда бакалавр, магистратура және қосымша екінші мамандықтар бойынша күндізгі бөлімде ақылы түрде білім алушы студенттер оқу ақысын алдағы уақытта степендиялы немесе стипендиясыз төлей алады.

Бұл дегеніңіз, степендиясыз төлем көлемі ай сайынғы студентке берілетін 400 000 сум ақшаның бір жылдық 4 800 000 сумды құрайтын жиынтықты  шегеру есебінен құралады.

Мысалы, сіз бакалавр білім дәрежесінде педагок мамандығы бойынша(немесе басқа) ақылы түрде оқып жатқан болсаңыз, онда 2019/2020 жылғы оқу маусымынан бастап төмендегідей жүйеде төлем жүзеге асыра аласыз.

Степендия мен төлем - 10 792 960 сум (Ең төменгі жалақының 17 еселенген мөлшері).

Степендиясыз төлем - 5 992 960 сум (10 792 960 сум - 4 800 000 сум)

Еске сала кетсек, биылғы 2019/2020 жылғы оқу маусымынан бастап ақылы төлем арқылы білім алатын студенттерге берілетін шәкірт ақының көлемі 400 000 сум болып белгіленген.

Өзбекстан Республикасының Жоғары және орта арнайы білім министрлігінің хабары.

6 634
ӨзА