ӨзА Қазақ

18.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда «Президенттің 1000 жас маманы» жобасы ұйымдастырылады

Өзбекстанда «Президенттің 1000 жас маманы» жобасы ұйымдастырылады

Бұл жайында 2019-2020 жылдарға арналған Өзбекстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың жол картасында баяндалады.

«Президенттің 1000 жас маманы» жобасы білікті жас мамандарды басшылық лауазымдарға тағайындауға қаратылатын болады. Жастар мәселелері жөніндегі Республикалық ведомствоаралық Кеңесі жарлығы дйындалады.

Аталған жобаның орындау мерзімі – 2019/2020 оқу жылына жоспарланған. Оған міндетті орындаушылар етіп – Өзбекстан жастар одағы, Жоғары және орта арнайы білім министрлігі мен Халық білім министірлігіне жүктетілген.

Сондай-ақ, жас мамандарды шеткі аймақтарға жіберуге қаратылған «Қаладан ауылға» жобасы да жүзеге асырылады. Бұл бастамаларға жауапты орындаушы ретінде Өзбекстан жастар одағы, Жоғары және орта арнайы білім министрлігі, Халық білім министірлігі, Қарақалпақстан Республикасы, облыстар мен Ташкент қалалық әкімшілігіне міндеттелген. 

6 124
ӨзА