ӨзА Қазақ

15.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда парламент сайлауларына қанша қаржы бөлінеді?

Өзбекстанда парламент сайлауларына қанша қаржы бөлінеді?

15-ші қазан күні Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясның кезектегі жиыны өтті.

Ондағы көтерілген негізгі мәселе Жоғары Мәжіліс Заң палатасы мен Халық депутаттары облыс, аудан және қалалық кеңес сайлауларына дайындық көру мен оны өткізуге арналған қаражаттар сметасы белгіленді.

Хабарыңыз бар, биылғы парламент сайлауларына Өзбекстандағы саяси партиялардың барлығы қатысу құқығына ие болды. Сонымен, партиялардың сайлауда қатысуы үшін мемлекеттік бюджеттен әр бір кандидатты қаржыландыруға қанша қаржы бөлінді?.

Жоғары Мәжіліс Заң палатасы депутаттығына кандидат үшін - 10 832 000 сум,

Халық депутаттары облыстық және Ташкен қалалық кеңесі депутаттығына кандидат үшін - 2 000 000 сум,

Ал, Халық депутаттары аудандық және қалалық кеңесі депутаттығына кандидат үшін - 1 000 000 сум көлемінде мемлекеттік бюжеттен қаржы қарастырылған.

Осыған дейінгі өткен Халық депутаттарының жергілікті кеңес депутаттығына мемлекеттен қаржы бөлінбеген еді. Биыл «Жаңа Өзбекстан. Жаңа сайлау – ұраны астында» сайлауларды жоғары дәрежеде өткізу ұйымдастырылып, Халық депутаттарының жергілікті кеңес депутаттығына да мемлекеттен қаржы бөлінетін болды.

Еске сала кетсек, биылғы Өзбекстандағы депутаттар сайлауы 22-ші желтоқсанда өтеді.


5 713
ӨзА