ӨзА Қазақ

20.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда депутаттар сайлауы желтоқсанда өтеді

Өзбекстанда депутаттар сайлауы желтоқсанда өтеді

Бүгін Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Халықаралық баспасөз орталығында ұйымдастырылған кездесуде Орталық сайлау комиссиясы Өзбекстан Республикасының Жоғары Мәжілісінің Заң шығарушы палатасы мен жергілікті кеңес депутаттарын сайлауды 2019 жылдың 22-ші желтоқсанында өткізуге шешім қабылдады.

Онда, Өзбекстан Республикасының Жоғары Мәжілісінің Заң шығарушы палатасы мен жергілікті кеңес депутаттарын сайлауда негізгі бағдарламалар белгіленіп, биылғы өтетін депуттаттар сайлауы жаңа Сайлау кодексінің негізінде өтеді.

Сайлауда алғаш рет бес партия өз кандидаттарын ұсынады. Олар «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы, Халық демократиялық партиясы, Кәсіпкерлер мен іскерлер қозғалысы- Өзбекстан либерал демократиялық партиясы, «Адолат» социал-демократиялық партиясы және Өзбекстан Экологиялық партиясы.

Жаңа Сайлау кодексіне байланысты Заң палатасына алдағы сайлауларда саяси партиялар 135 емес, бәлкім толық 150 сайлау округінен кандидаттар ұсыну құқығына ие болып, сайлауға дауыс беру мерзімінен 10 күн алдын басталып 3 күн өтіп аяқталады. 

Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары.

8 764
ӨзА