ӨзА Қазақ

24.04.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда Қажылық сапарының бағасы арзандады

Өзбекстанда Қажылық сапарының бағасы арзандады
Биылдан бастап Өзбекстан азаматтары Қажылық сапарға 33,3 миллион сумға бара алады. 

Бұл жайында Дін істері бойынша комитет басқармасы мәлімдеген. Мәлімдемеге сәйкес, өткен 2018 жыл елімізде Қажылық сапарына бару құны 38 миллион сумды құраған болатын. 2019 жылдан Саудия Арабыстаны барлық қызметтерге 5 пайыздық қосымша құн салығы және қонақ үйлерге 2,5 пайыз салық салған еді. Осы көрсеткішпен есептегенде биылғы қажылық сапарының қаражаты шамамен 42-43 миллион сумға жететіні мәлім болған. 

Алайда, Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің бастамасымен құрылған арнайы жұмыс тобы Саудия Арабыстаны компанияларымен келіссөздер жүргізіп, соңы жақсы нәтижеге жетті. Қазіргі күнде Өзбекстанда қажылық сапарға шығу құны 33 миллион етіп бекітілді. Сондай-ақ Ұмра кіші қажылық құныда 1,3 миллион сумға арзандаған.

10 424
ӨзА