ӨзА Қазақ

10.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда ақылы жолдар салынады

Өзбекстанда ақылы жолдар салынады

2019 жылдың 29 сәуірінде Өзбекстан Республикасы Президентінің «Өзбекстан Республикасы экономикасына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту механизмдерін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлығы жарияланды. 

Осы құжатқа сәйкес, алдағы жылдарда Ташкент-Әндіжан және Ташкент-Самарқанд бағытындағы ақылы магистральдар салу жоспарланып отыр.

Жоспар бойынша, «Ташкент-Әндіжан» бағытындағы ақылы тас жолын салу 2019 жылдың маусым айында Дүниежүзілік банк пен консультациялық қызметін көрсету бойынша келісімдер аяқталады деп жоспарлануда. Құрылыс тендерінің жеңімпазын жариялау және келісім жасау мерзімі 2020 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Аталған жоба 2021 жыл тамыз айында басталуы жоспарланған.

Екінші бағыт - «Ташкент-Самарқанд» ақылы автожолының құрылысы «Cengiz Enerji Sanayii ve Ticaret A.Ş», «KaneH және Komm» консорциумы түрік компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады. Жоба үстіміздегі жылдың төртінші тоқсанында басталуы керек және 2021 жылдың соңына дейін пайдалануға тапсырылуы жоспарланған. 

8 473
ӨзА