ӨзА Қазақ

30.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан әуе жолдары компаниясы 6 ұшағын сатылымға шығарды

Өзбекстан әуе жолдары компаниясы 6 ұшағын сатылымға шығарды

Бұл жайындағы хабарды әуе компания өз ресми сайтында жариялады. 

Хабарға сәйкес, ұшақтар қатарында жолаушы тасуға арғналған екі Boeing 767, тағыда екі Boeing 757, жүк тасуға арналған екі Boeing 767 рүсімді ұшақтары сатылымға қойылған.

Өзбекстан әуе жолдары компаниясы мұндай шешімге келуіне Ұлттық компанияның ұшақ авиапаркін әрі қарай жетілдіру және модернизация жасау үшін осы тоқтамға келген.

Сатылымға қойылған бұл ұшақтар «Uzbekistan airways» компаниясына 20 жылға жуық қызмет еткен. Ал, сатылатын ұшақтар орнына компания орта қашықтыққа ұшуға арналған А320 ұшақтарын алу жоспарланған.

Еске сала кетсек, өткен айда Ақпараттық және бұқаралық коммуникациялар орталығында өткен брифингте компания ішкі рейстер үшін Канаданың Bombardier немесе Бразилиянинг Embraer компанияларының шағын сиымды әуекемелерін алуды жоспарлап отырғаны жайында айтқан болатын. 

5 355
ӨзА