ӨзА Қазақ

02.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мен Қазақстанның ветеринарлары мал ауруларымен күресуде ынтымақтастық жасайды

Өзбекстан мен Қазақстанның ветеринарлары мал ауруларымен күресуде ынтымақтастық жасайды

Қазіргі таңда дүние жүзінде өзінде қолайлылық бар барлық елдер мал шаруашылығын дамытуда түрлі әдістер мен тәсілдер қолдануда. Ондағы мақсат ең алдымен асыл тұқымдарды көбейту болса, келесі кезекте ет өніміндерін арттыу. Әрине мұндай ортада қауіпсіздікті сақтамаса барша еңбек зая кетуі ықтималы жоқ емес. Ол мал басына келер аурудан сақтану. Бірі кетсе бәрі қирап қалатын бұл мал басына төнген қауіптен арылу мақсатында Өзбекстан мен Қазақстанның мал дәрігерлеріде ұйымдасқан түрде ірі қараға төнер ауруларға қарсы бірге күреспек.

Күні кеще Өзбекстан ветеринария және мал шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Бахром Норкобилов, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және су ресурстары министрінің орынбасары Гүлмира Исаева бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастық және мал шаруашылығы өнімдерінің еркін нарығын ашу туралы пікір алмасып, ветеринария мен мал шаруашылығының перспективаларына баса назар аударды. 

Сондағы мәселе Орталық Азиядағы мал ауруларының алдын алу, бірлесіп жұмыс істеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет екендігі баса назар аударылып, шекаралас аудандарда шаруа малына екпе жүйесін енгізу, бірыңғай вакциналар базасын құру және шетелдік сарапшылардың қатысуымен оқу семинарларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы және су ресурстары министрінің орынбасары Гүлмира Исаева, өзбекстандық әріптестерімен мал дәрігерлерін қайта даярлау, олардың тәжірибесін арттыру мен «Ardus» және «Merkuriy» жүйелері арқылы ақпарат алмасу екі тарап үшін де пайдалы болатыны жайында айтты.

Келіссөздердің екінші кезеңі 2019 жылдың 19-21 тамыз күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Өзбекстан – Қазақстан ауылшаруашылық саласындағы Жұмысшы тобының бірінші жиынында талқыланатын болады. 

6 956
ӨзА