ӨзА Қазақ

21.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясында өрт шықты

Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясында өрт шықты

Бүгін 21-ші тамыз түнгі сағат 01:54 кеткенде Ташкент қаласы Шайхантахур ауданы, Науаиы көшесіндегі 69-шы пәтерде орналасқан Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясы аймағындағы ғимараттың асханасы мен қосымша бөлмелерінде өрт шыққан.

Төтенше жағдайлар министрлігі Өрт қауіпсіздік департаменті БАҚ-пен ынтымақтастық бөлімінің хабарлауынша, оқиға орнына дереу 12 өрт сөндіруші автоэкипажы жіберілген. Арнайы техникалық өрт сөндіруші бөлімі оқиға орнына 02:00 де жетіп, 03:36 да толықтай жалынды сөндірген. 

Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған деп хабарлануда. Соның салдарынан ғимарат ішіндегі асхана мен қосымша бөлмелердің үсткі жағы жалпы 400 ш.метр жер жанған. Қазірде өрт салдарынан келтірілген материалдық шығын мөлшері анықталуда. Өрттен зардап шеккен жандар мен ауыр жарақат алғандар жоқ.

Ташкент қаласы Өрт қауіпсіздігі департаментінің баспасөз қызметі хабары. 

8 276
ӨзА