ӨзА Қазақ

03.07.2019 12:02 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан азаматтары қанша елге визасыз бара алады?

Өзбекстан азаматтары қанша елге визасыз бара алады?

Henley & Partners – халқаралық консалтингтік компаниясы 2019 жылдың әлем елдерінің азаматтары қанша мемлекетке визасыз баратын рейтингін жариялады.

Henley & Partners компаниясының жасаған рейтингіне байланысты, алғашқы орынды Жапония мен Сингапур иелеген. Бұл ел азаматтары әлемнің 189 еліне визасыз баралады.

Одан кейінгі орында Германия, Финляндия, Оңтүстік Корея елдері жайғасқан (187). Күшті үштікте Дания, Италия, Люксембург мемлекеті азаматтары 186 елге визасыз бара алады.

Ал, Өзбекстан паспорты алдынғы рейтинге қарағанда 7 позицияға төмендеп 88-ші орынға жайғасқан. Сонымен Өзбекстан азаматтары әлемнің 56 еліне визасыз баруларына болады.

ТМД елдері арасынан ең жоғары көрсеткішке ие болып тұрған мемлекет Украина (44-орын, 126 мемлекет). Ал Орталық Азия елдері арасында Қазақстан алдынғы орында (69-орын, 75 мемлекет).

2019 жылдың рейтингі бойынша соңғы орында Ауғаныстан мен Иран жайғасқан (25-27 мемлекет).

ӨзА
5 167