ӨзА Қазақ

07.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Қытайлар Өзбекстанда агроөнеркәсіптік кешен салуда

Қытайлар Өзбекстанда агроөнеркәсіптік кешен салуда

Қытайдың «KING ROAD AGRO-ANIMAL» компаниясы құрып жатқан Ташкент облысындағы 150 гектарлы агроөнеркәсіптік кешеннің құрылысы 50 миллион долларды құрайды. 

photo_2019_09_07_11_25_56-_2_.jpg

Толықтай Қытай ивестициясына салынатын бұл кешен жобасы бірнеше кезеңнен тұрады. Қазіргі кезде жаңа технологиялар бойынша газ және басқа отын түрімен жылытпайтын, күн жылыжайлары, кеңсе ғимараты мен қонақ үй және қойма құрылысы аяқталуда. 

Ташкент облысы Төменгі Шыршық ауданында құрылысы басталған бұл агроөнеркәсіптік кешен ішкі және сыртқы нарыққа өңделген және жабылған өнімдерді жеткізуге мамандандырылған болып, мұнда 500-дей жұмыс орны ашылмақ. 

Жобаның екінші кезеңінде экотуризмді дамытуға арналған үсті шынылы әйнекпен қапталған, газ және биогаз арқылы автоматты жылытатын жылыжайлар, шаруашылық фермасы және шаруа малдары үшін азық егіндері мен балықшылықты дамыту көзделген, дейді «KING ROAD AGRO-ANIMAL» компания басшысы Гоа Ян. 

photo_2019_09_07_11_25_56.jpg

9 346
ӨзА