ӨзА Қазақ

13.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Ынтымақтастықтың оң бағыттары анықталды

Ынтымақтастықтың оң бағыттары анықталды

Осы жылдың 8-10 тамыз күндері аралығында Алматыда Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан және Өзбекстан Республикаларының Ішкі істер министрлері Кеңесінің екінші отырысы өтті.

Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрі генерал-лейтенант П.Бобожонов, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.Тургумбаев, Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрі, милиция генерал-полковнигі Р.Рахимзода, Қырғыстан Республикасындағы өкілі милиция полковнигі А.Долосбаев болды.

Жиынның күн тәртібінен - ішкі істер органдарының заңсыз көші-қонымен күресуде өзара әрекеттестігі, қылмыскерлерді іздеудегі ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру, шекаралас аймақтардағы мүлік ұрлауымен байланысты қылмыстармен күресудегі ынтымақтастықты арттыру жайында Қазақстан, Қырғыз, Тәжікстан және Өзбекстан Ішкі істер министрлері Кеңесі турасындағы ережені қабылдау және Кеңестің келесі отырысының өтуі мен уақытын бекіту туралы мәселелер орын алды.

Өзбекстан Республикасы ІІМ делегациясының басшысы генерал-лейтенант П.Бобожанов өз сөзінде аймақтық елдердің құқық қорғау органдары ортасында қылмыстың алдын алу, заңсыз көші-қон және адам саудасымен күресу, ақпарат алмасуды күшейту сияқты бірқатар бағыттарда өзара тиімді ынтымақтастық байланыстардың орнатылғанын жолға қойылғаны жайлы айтты.

Осы елдердің ішкі істер органдарының қызметшілері арасында үнемі тәжірибе алмасу, шекаралас аудандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қылмысқа қарсы күрес пен тұрақтылыққа ықпал ететін жағдайлар және себептерді бірлесіп жоятын бірлескен күш-жігердің тиімділігіне оң әсер етіп отыр.

Өзбекстан делегациясының басшысы осы ынтымақтастық байланыстары оң нәтиже беріп тұрғанына тоқталып, келесіде осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі дамыту керек екендігі маңыздылығын атап өтті.

Іссапар барысында делегаттарға Алматы қалалық полициясын реформалау тәжірибесі - «Қауіпсіз қалаға 21 қадам» жобасы таныстырылды. Сондай-ақ, ІІМ арнайы міндеттерді орындаушы бөлімдерінің қызметкерлері қатысуында бірлескен оқу-әдістемелік кездесулері өтті.

9 650
ӨзА