ӨзА Қазақ

17.06.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкенттегі аялдамаларға элетронды таблолар орната бастады

Ташкенттегі аялдамаларға элетронды таблолар орната бастады

«Ташкент қалалық транспорттық қызмет басқармасы» қала аялдамаларына жаңа электрондық таблоларды орнатуды бастады.

Басқарма тарапынан жолаушыларға қолайлылық жарату мақсатында Ташкент қаласының орталық автобус аялдамаларына LED түрдегі электронды таблолардың жұмыс кестесін қайта жолға қойды.

Автобустардың қатынайтын бағыттар кестесін көрсетіп беруші бұл таблолар ауа-райының кез-келген жағдайында да мінсіз жұмыс жасауға арналған. Бұл таблолар көрсетілген бағыттағы автобустың аялдамаға қанша уақытта жетіп келуі және аялдамадан өтіп кеткен автобустардың тізімімен валюталар курсы, ауа-райы туралы мәліметтермен жолаушыларды хабарландырып отырады.

Бұдан басқада, TashBus мобилдік Android және iOS қосымшасы қол телефоны мен басқада гаджеттерде жұмыс жасайтын болады. Ол келесі аптада сынақтан өткізу ұшін көпшілікке жол тартпақ.

Еске сала кетсек осы сынды электронды кестелерді Ташкент қаласында орнату 2016 жылдан басталған болатын. Ташкент қаласында 2,5 мыңнан астам аялдамарар бар, қазірде олардың бар жоғы 100 –інде ғана электронды таблолар орнатылған. 

6 764
ӨзА