ӨзА Қазақ

08.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте Талибан қозғалысы өкілдерімен кездесу өтті

Ташкентте Талибан қозғалысы өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін 8-ші тамыз күні Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінде Ауғаныстан Талибан қозғалысының Дохадағы саяси кеңсесінің мүшелері басшысы Мулла Бародар Ахунд пен кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар Ауғанстанда бейбітшілік пен ұзақ мерзімді тыныштыққа қол жеткізуге бағытталған бейбіт саяси процесті алға жылжытуға қатысты мәселелерді талқылады.

Мулла Бародар Өзбекстан басшылығына ауған проблемасын шешуге үнемі назар аударғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді және Өзбекстанның Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға күш салуы халықаралық қоғамдастықтың назарында екенін айтты.

Дохадағы «Талибан» саяси кеңсесінің басшысы Самарқандта ауған диалогының кезекті раундын өткізу туралы ұсынысты қолдады. Ол іс-шара Ауғанстандағы қазіргі жағдайды ескере отырып, уақтылы өткізілгелі тұрғаны жайлы айтып өтті және Өзбекстанға қажетті жағдайларды жасауға дайын екендігі үшін алғыс айтты.

Келіссөздер барысында ауған халқының тағдырын шешуге және болашағын құруға деген құқық әрқашан олардың өз қолында екендігі атап өтілді.

10 460
ӨзА