ӨзА Қазақ

17.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкент – Ыстықкөл бағытында поезд қатнайтын болады

Ташкент – Ыстықкөл бағытында поезд қатнайтын болады

Биылғы жылдың 6 маусымынан бастап Ташкент – Бішкек – Балықшы (Ыстықкөл) бағытында маусымдық поезддар қатнауы жолға қойылады. Бұл жайында «Өзбекстан темір жолдары» АҚ мәлімдеген.

Өзбекстан мен Қырғыстан арасында туризмді нығайту мақсатында ұйымдастырылған қатнаулар аптаның әр бейсенбі күні Ташкент – Орталық вокзалынан кешкі сағат 20:50де жолға шығады. Поезд бағыты Қазақстан аумағы арқылы өтіп жұма күні кешкі сағат 20:29да Балықшы вокзал бекетіне жетіп барады. Ыстықкөлден сенбі күнгі уақытпен 01:59да қозғалған поезд Ташкентке жексенбі күні 05:00 де жетіп келеді.

Халқаралық бағыт Өзбекстанның «Салар», «Шұқырсай», «Келес», Қазақстан аумағында «Сарыағаш», «Арыс-1», «Шымкент», «Манкент», «Түлкібас», «Абаил», «Бурное», «Жамбыл», «Логовая», Қырғыстан аумағында «Мерке», «Чалвадор», «Қайыңды», «Қарабалта», «Беловодск», «Тоқпақ» станциялары арқылы және Бішкек-2 мен Балықшы вокзалы арқылы жүреді.

Ташкент – Ыстықкөл бағытындағы халқаралық жолаушылар тасымалдайтын поездда жолаушылар үшін барлық қолайлықтар жаратылған. Поезд вагондары соңғы үлгідегі техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

7 677
ӨзА